Елімізде өтіп жатқан саяси науқан Индербордағы ауылшаруашылық колледжінде орналасқан ✓113 референдум учаскесінде белсенді түрде өтуде.
Дауыс беру учаскесінде тек саяси белсенділік қана емес, мерекелік көңіл-күй де байқалады. Ән шырқалып, келген тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлауда. Сонымен қатар учаскеге келген азаматтарға көже мен бауырсақтан ауыз тию ұсынылуда.
Тұрғындардың айтуынша, мұндай жылы атмосфера халықтың бірлігін арттырып, референдумның маңызын сезіндіре түседі.
С. Сансызбайұлы.

