Референдумда белсенділік артты

Индербордағы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте  № 110 референдум учаскесі  орналасқан. Аталмыш учаскеде негізінен кенттің "Барлаушылар" бөлігінің тұрғындары құрайды. Референдум учаскесіне енген дауыс беруші көпшілікке мектептің мұғалім қыз-келіншектері  көже мен бауырсақ ұсынып құрмет көрсетіп жатқанын байқадық.   Учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Айзада Жангелдіқызының айтуынша,  сағат 10 мен 11-дің шамасында дауыс берушілердің қатары көп болыпты. Сағат 12-ден кете сәл саябырсыған екен. 
 Учаскеде ең алғаш болып Индер тау кенішінің ардагері Орынбасар Ақмұрзин дауыс беріп,  арнайы естелік сыйлыққа ие болыпты. 
Бұл референдум учаскесінде  1498 дауыс беруші тіркелген. Оның ішінде үйден дауыс беруге 10 адам өтініш білдірген екен. 

С. САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT