Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу – ортақ міндет

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу – құқық қорғау органдары қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Отбасындағы тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – полиция қызметінің басты міндеті.


Тұрмыстық жанжалдар мен зорлық-зомбылық фактілері қоғамның әлеуметтік тұрақтылығына кері әсерін тигізеді. Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп, азаматтармен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады. Сонымен қатар, заң талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрбір азаматтың өмірі, денсаулығы, ар-намысы мен қадір-қасиеті мемлекет қорғауында. Отбасылық зорлық-зомбылыққа, психологиялық қысым көрсетуге, қорқытуға немесе дене жарақатын салуға жол берілмейді. Мұндай жағдайлар орын алған кезде азаматтарды құқық қорғау органдарына уақытылы хабарлауға шақырамыз.

 

 

Измуханова Алтынай Айтбайқызы,

Индер ауданы ПБ нің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының

 аға инспекторы полиция майоры 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT