Отбасы - бақыт мекені 

Индерде 15 мамыр - Халықаралық Отбасы күніне орай “Отбасы - бақыт мекені” атты мерекелік шара өтті. Шара шымылдығы “Бойтұмар” би ансамблінің “Құрбылар” биімен басталды.


Алдымен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеміс Тілепқалиева отбасы құндылығының маңыздылығына, аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Одан соң еңбегі елеулі, өмірден тәжірибе жинақтаған, дүниеге ұрпақ әкеліп, тәлім-тәрбие беріп, өнегелі отбасылардың қатарынан табыла білген, отау құрғандарына  60, 50, 40 жыл толған отбасыларға аудан әкімі жанындағы әйелдер істері, отбасы демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының құттықтау хаты мен естелік сыйын табыстады.
Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағытжан Құнас мерекемен құттықтады.
Шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

 

Ж.НАРИМАНОВА, 
суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT