ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ

 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН «ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ӘРТҮРЛІ ДЕҢГЕЙДЕГІ ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ» ТАҚЫРЫБЫНДА АТАЛҒАН ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ.

Семинар барысында мұғалімдер арасында «Олимп шыңы» республикалық пәндік олимпиадасы ұйымдастырылып, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Айгерім Байғалиева І орынды жеңіп алды.

– Семинарға республика бойынша 50-ге жуық мұғалім қатысты. Педагог-шебер мұғалімдер «олимпиадалық есептерді шығару жолдары» жөнінде өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинардың екінші күні түстен кейін олимпиада болды. Олим­пиада 25 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларынан тұрды. 25 сұрақтың барлығына дұрыс жауап беріп, І орынды иелендім. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинардан да біраз тәжірибе жинақтап қайттық, – дейді ол.

Айта кетейік, семинарды «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.

 

Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT