Индер ауданында мотокөліктер мен мопед жүргізушілерінің жол жүрісі саласындағы заңнаманы бұзуын болдырмау және алдын алу мақсатында «Мотоцикл» жедел профилактикалық рейттік іс-шарасы өтеді.
Тамыз айының 4-6 күндерін қамтитын шара барысында жүргізушілердің мотокөлік және мопед жүргізу тәртібін арттыру, мас жүргізушілердің кінәсінен болатын жол-көлік оқиғалары санын азайту, сондай-ақ, «Жол жүрісі» қағидаларын бұзудың алдын алу, автожолдарда жол қауіпсіздігі деңгейін жоғарылату көзделіп отыр.
Осыған орай, Индер аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күшейтілген бағытты қызмет атқаратын болады.
Б.Қабиев,
Индер АПБ ППТ-ның қызмет аға инспекторы


