Елдік пен ерлік сыналған ІІ дүниежүзілік соғыста Ұлы Жеңіске үлес қосқан жандар аз емес. Солардың бірі менің атам Намаз Ермұханов 1926 жылы Бөдене ауылында дүниеге келген. Тірі болғанда биыл ғасырлық тойын тойлар едік.
Атам Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жерінен майданға алынған екен . Аяғына оқ тиіп жаралы болып елге оралыпты.
Соғыс ардагері әрі «Ерен еңбегі үшін » медалінің иегері атанған ол 1949 жылы Түркенбаева Әлимаш Бүркітқызымен өз отбасын құрып, 12 бала тәрбиелеп өсірген. Соның ішінде менің атам Самат – 6-шы ұрпағы. Ал мен – сол Саматтың ұлы Азаматтың қызымын.
Үлкендердің айтуынша, ол 1954 жылы 6-ауылда сиыр фермасынд,а 1965 жылы Кулагинода (қазіргі Есбол) есепші болып жасаған. 1965- 1979 жылдарға дейін Индер көкөніс-сүт совхозын құруға атсалысқан. 1979 жылдан бастап еңбек демалысына шыққанша экономист-бухгалтер қызметін атқарыпты.
Біз, немерелері осындай батырлардың ұрпағы болғанымызды мақтан етеміз!
Айасыл АЗАМАТҚЫЗЫ,
Бөдене орта мектебінің 4-сынып оқушысы

