V Республикалық «Қалқан» қысқы спартакиадасында 14–15 жас аралығында «Арқаға жатып дене көтеру» бағамы бойынша М. Әуезов атындағы орта мектеп оқушысы Турланова Мадина І орынды иеленді.
Бұл – табандылық пен жүйелі дайындықтың, спортқа деген шынайы құлшыныстың нәтижесі. Жарыс барысында Мадина жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, өз қатарластарының арасынан суырылып шықты. Оның бұл жетістігі – мектеп абыройы ғана емес, жас спортшыларға үлгі боларлық үлкен жеңіс.
Жетекшісі: С. Әжіғалиев. Ұстаздың бағыт-бағдары мен қолдауы спортшының шыңдалуына зор үлес қосты.
Жеңіс құтты болсын! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!
Дендер Ақпарат

