ПРЕЗИДЕНТ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДА ЕШ КЕДЕРГІНІҢ БОЛМАУЫ ҚАЖЕТ ЕКЕНІН, ЖӨНСІЗ ТЕКСЕРІСКЕ ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫНЫН АЙТЫП КЕЛЕДІ. АЛ КӘСІПКЕРЛЕР ДЕ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН БЕРІЛІП ЖАТҚАН КӨМЕКТІ СЕЗІП, ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ЖҰМЫС АТҚАРА БЕРУІ ҚАЖЕТ.
Бұл бағытта ауданда біраз жұмыс қолға алынған. Айталық, өткен жылдары әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлік мақсаттағы 16 жобаға 1 млрд. 830 млн. 900 мың теңге көлемінде жеңілдетілген пайызбен несие берілген. Толығырақ айтатын болсақ, «Іскер» бағдарламасы бойынша «Аг роНесиеКорпорациясы» АҚ 6%-бен 4 жобаға 20 млн. 500 мың теңге, «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 6 жобаға 22%- бен 110 млн. 500 мың теңге, "Ауылдық жердегі шағын және орта бизнесті дамыту" бағдарламасы бойынша 4 жобаға 60 млн. 900 мың теңге 7% берілген.
Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша «Даму» қоры 8%-бен 2 жоба 1 млрд. 639 млн. субсидияға қол жеткізген. Шағын және орта бизнесті қолдау бағытында жергілікті атқарушы орган биыл да жалғастыратын болады.
Өз тілшіміз



