ҚҰРЛЫСШЫ АНА

Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, қасиетті жан. Сондай абзал жандардың бірі Индербор кентінің тұрғыны Шаридза Құсайынова. Апайдың өзін сырттай білгенімізбен тілдесудің сәті түспей жүрген болатын. Айтқандайын жуырда апаймен ойда жоқта жолығысып әңгімелесудің сәті түсті.  

-Айналайын мені қайтесің мененде өткен мықты еңбеккерлер бар ғой, солар туралы жазғандарың жөн ғой. Еңбек еткеніміз үшін қажетті жалақымызды, марапаттарымызды алдық деген уәжіне қарамастан өзімізше сыр суртпақтадық.

-Мен 1953 жылы 30 шілдеде осы Индербор кентінде Сабыр Құсайынов пен Рабиға Дәулетованың шаңырағында дүниеге келіппін. Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепті аяқтаған соңжастай еңбекке араластық. Ол кезде атағы алысқа кеткен яғни одаққа кеңінен тараған Индер борат кенішіне жұмысқа қабылдандым. Аталмыш кеніш  Индербор  поселкесіндегі  халықты, түгелге  жақын  жұмыспен  қамтыған, үлкен мекеме болатын. Бір кеніштің қарамағында, тау кен   орнынан  басқа , бірнеше  цехтар  жұмыс жасады.

Механикалық цех, энерго цех , суменен қамту цехы, жылумен қамту цехы . кәріз жүйесі, автогараж, құрлыс жөндеу  цехы т. б  уақ цехтар жұмыс жасап тұрды. Өзім еңбекке 1972 жылдың 17  шілдесінде бораттан   сынама  алушы  (опробщица)  болып  жұмысқа  кірістім.  Басшы  В.Ефимов деген азамат болатын. Жұмыс күндіз- түні қайнап  жатады.  Қазіргі  музей , сол уақытта жұмысшыларды қызметтік көлікпен жұмысқа жіберетін жер  болатын. Барып  көліктен  тускенде , Индердің жарты халқы  сонда  жүргендей көрінетін Жұмыс  оңай болған жоқ  карьердің іші, ашық аспан асты, қыста суық, жазда ыссы. Тастарды  ықтап , кейде  эксковаторға барып жиналамыз,-дейді апай өз сөзінде.

Апайдың айтуынша таудың 2  аусымдық жұмысы  өте ауырлау болыпты. Сағат түнде  3 арнайы сынама салынған дорбаны арқалап тиісті лабараторияға тапсырады. Жайық жағасында орналасқан  «пристань» деген   жерден  баржаға  борат тиелетін. Арасында  сол жерден сынама алуға тура келеді. Кейін  1981 жылы әйел азаматтарды аталмыш жұмыстан босатып  құрлыс  бөліміне, балабақшаға жіберген. Апай өз  еркіммен сұранып  , құрлыс бөліміне ауысқан екен.  Өйткені апай 1971 жылы ауданымызға белгілі, Ұлы Отан соғысының ардагері, майдан даласында қолданылып жауды тізе бүктіруге үлкен себеп болған әйгілі катюшаны жүргізген ақсақал Қаракей Дәулетовтың ұлы Бөкен Дәулетовке тұрмысқа шыққан екен. Енесі Базардан көп тәлім тәрбие алған апай өмірге сәби әкелгесіне әрі үлкендерге қарасу керек болғасын аусымдық жұмыстан бас тартуға тура келген.

-Сөйтіп1981 жылдың 5 шілде күні сыршы- сылақшылар   бөліміне  жұмысқа  кірістім. Әуелі  көмекші ретінде жүрдім. Жұмыс  ауырлау еді, носилкамен балшық  тасимыз. Бастапқыда 5-6  қыз болып барғанбыз. Бірқатары шығып кетті. Жайлап  жүріп, мамандықтың қыр –сырын үйрендім. Осы салада жүріп2, 3,4,5 разрядты  сыршы- сылақшы мамандығын  игердім . Ол кезде   бастығымыз   Аманбек Каженов азамат болса мен өзім  20 шақты  қыз-келіншекке бригадир болдым. Кейін  Талғат Оразғалиев бізге   басшы болып келді.  Қай –қай басшы да жұмысшылардың  жағдайына  жақсы қарайтын, білікті  басшы  болатын.  Жалпы  құрылыс  бөлімінің  ұжымы өте  ұйымшыл, жақсы адамдар еді.

Бригаданың қыздары да  ақжарқын, көнілді журетін. Машинамен  аударған балшықты, өлеңдетіп жүріп, әп –сәтте  бітіріп тастайтын.  Өкінішке   орай , көбі қазір бұл өмірде  өтіп кетті. Олардың қатарында Фарида  Мажитова, Нағима Өмірбекова, Дариға Умирғалиева, Шолпан Сламбекова   т.б .  еске алмасқа  болмайды. Жандары жәнәтта   болсын. Жақсы жандар дейміз. Түрлі  мекемелерге көмекке  жіберетін. Жұмысымызды  абыроймен аяқтап  келетінбіз. Қазіргі  «Көктем»  мөлтек    ауданындағы бірінші салынған үйлер біздің құрлысышылар еңбегінің қолтанбасы қарағым деп жанарына жас алды апай.

Құрыш білекті құрлысшы апайлар  білім беру, аурухана, сумен қамиту мекемелерінің құрылыс жұмыстарына қатынасқан. 

Индер борат кеніші  тарағаннан кейін  орынына жаңада  құрылған «ИСИ» ЖАҚ-  да  3  жылдай  жұмыс жасаған екен. Ері Бөкен өмірден өткенімен олардан өрбіген  Мейрамбек, Тәрбие, Гүлбақыт, Манарбек есімді ұл мен қыздың адамасыл болып жетілуіне бар жағдайды жасап бес немере, жеті жиеннің шаттығына бөленуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT