ҚОС АЛАҢ – ҚОС ҚУАНЫШ

Өткен тұрғындар жиындарында кенттің «Барлаушылар» бөлігінің тұрғындары осы балалар ойын алаңын салып беру жөнінде сан мәрте өтініш айтқан болатын.

Міне, сол арман-тілек орындалған күн туды. Құрылтай сайлауы тұсында З. Қабдешов көшесінде, сонымен қатар Махамбет көшесіндегі 18, 20 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында балаларға арналған заманауи ойын алаңы салынып, іске қосылды. Жазғы демалыстың соңғы айында іске қосылған алаңның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин жиналғандарды құттықтап, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, спортпен тұрақты айналысуына және салауатты өмір салтын қалыптастыруына қолайлы жағдай жасау бағытында қолға алынып жатқан жұмыстарға тоқталды. Жаңа ойын алаңдарында түрлі ойын элементтерімен қатар, воркаут аймағы, шағын футбол және баскетбол алаңдары қарастырылған. Сонымен қатар аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, катальпа ағаштары отырғызылды. Индербор кенті әкімдігінің тапсырысы негізінде ойын алаңдарының құрылысы мен абаттандыру жұмыстарын мердігер «Орал Жол Строй» ЖШС салып бітірген еді. Ендігі кезекте осынау пайдалануға берілген нысанды көздің қарашығындай сақтап, күтіп ұстау керек-ақ.

С. КӨШЕКОВ,

 Индербор кенті

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT