«КОНСТИТУЦИЯ: КЕШЕ. БҮГІН. ЕРТЕҢ»

АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН АУДАН ПЕДАГОГТЕРІ АРАСЫНДА «КОНСТИТУЦИЯ: КЕШЕ  БҮГІН ЕРТЕҢ» ТАҚЫРЫБЫНДА АУДАНДЫҚ «QUIZ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНЫ ӨТТІ.  МАҚСАТ – ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МӘНІН ТЕРЕҢ ТҮСІНУІНЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІН, ОНЫҢ ІШІНДЕ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА ӘСЕРІН ТҮСІНДІРУ, ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ, ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН АРҚЫЛЫ СЫНИ ОЙЛАУ, АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН КОМАНДАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ

 Сайысқа жалпы орта білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінен құралған 18 команда қатысып, өзара бақ сынады. Интеллектуалдық ойын «Оңай», «Тізбекті сұрақтар», «Күрделі сұрақтар», «Тақырып», «Медиа сұрақтар» және «Тәуекел» деп аталатын  кезеңнен тұрды. Сұрақтарды құрастырған М.Әуезов атындағы орта мек теп мұғалімі      Қуандық Көргенов ойынды өзі жүргізіп отырды. Бас бақылаушы Жаннет Салама това, ұпай есептеу бақылаушысы Мирамгүл Төремұратова болды. Әділқазылар алқасының мүшелері Аққала орта мектебінің директоры Нұртас Құспанов, Бөдене орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Нұрпейіс Тоғаев, «Көктем» қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Марсель Тұңғатов пен «Дендер» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі  Қайырлы Ғиылманов ойынды сараптады. Ойын барысында командалар тартысты әрі мазмұнды ойын көрсетті. Ереже талаптарына сәйкес әр үш кезең сайын командалардың жинаған ұпайлары жарияланып отырды. Біліктілік пен тапқырлықты талап ететін ойын нәтижесінде 21 ұпаймен Қ.Абаханов атындағы орта мектептің командасы үздік атанса, 20 ұпаймен М.Мөңкеұлы және 18 ұпаймен М.Әуезов атындағы орта мектеп коман дасы жүлделі орындарға қол жеткізді. Сонымен қатар қорытынды ұпай санына сәйкес «Көктем» қазақ орта мектебі «Ең белсенді команда», Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектеп командасы  «Ең ұйымшыл команда» атанса, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Серікбол Мұхамбетов «Ең үздік капитан» номинациясын жеңіп алды. Сайыс барысында Индер балалар өнер мектебінің мұғалімдері  Альбина Мидар «Ұлы дала», Ерболат Каримов, Нұрлан Сағынов «Жолдар» деп ән салса, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің мұғалімдері Айдар Әділов пен Айдана Қапашева күй тартыс орындап, қатысушы педагогтерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шара соңында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлайым Жаңбырбаева белсенділікпен қатысқан баршаға ризашылығын  білдіріп, арнайы диплом мен естелік сыйлықтарды табыстады. Ал сайысты ұйымдастыруға атсалысқан педагогтерді аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапаттады.

Жадыра НАРИМАНОВА,

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Референдум 2026

Референдум 2026