КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ  

Мемлекеттің алға жылжуына негізгі күш болатын жаңа конституция жобасын талқылау үшін  елімізде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық  коалициясы құрылғаны белгілі.  Құрамында  саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды біріктірген коалиция  мүшелері жергілікті тұрғындармен кездесіп 15 нарузыда халық талқысына шығарғалы отырған Ата Заңның жобасында көрсетілген міндеттерді талқылау үшін құрамында Нұртас Құспанов, Бақберген Сакипов және Ақжібек Сабырғалиева бар арнайы топ Индер ауданына қарасты Елтай ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуде жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары кеңінен таныстырылып, ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұны мен маңызы жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе, жаңартылған Негізгі заңның заң үстемдігін нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғаны ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, бұл реформалардың еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін беретіні айтылды.

Жиын ашық әрі еркін пікір алмасу форматында өтті. Тұрғындар өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сауалдарын жолдады. Кездесу соңында қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, айтылған ұсыныстардың ескерілетіні жеткізілді.

 

С.ЕРСАЙЫНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Референдум 2026

Референдум 2026