МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АРНАЙЫ ТАПСЫРМАСЫМЕН ҚОЛҒА А Л Ы Н Ғ А Н « З А Ң М Е Н Т Ә Р Т І П » Қ А Ғ И Д А Т Ы Н Ж Ү З Е Г Е А С Ы Р У БАҒЫТЫНДА ТИІСІНШЕ ЖҰМЫСТАР ЖАСАЛУ ҮСТІНДЕ.
Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық және төтенше жағдайлар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсету аясында «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды. Бұл іс-шара әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған.
Акцияға аудандағы дербес бөлімдер, мен коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің өкілдері, заңгерлер, адвокат арнайы қатысып, тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес берді.
« Халық заңгері » акциясы азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң аясында қажетті кеңес алуға және өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін маңызды шаралардың бірі болып табылады. Мұндай кеңес беру шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрмақ.
С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ



