Мемлекеттік қызмет істері Агентігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ерте кәсіптік бағдарламаларды ілгерлету жөніндегі іс - шаралар жоспарына сай 6 сәуір күні аудандық білім бөлімімен бірлесіп 5–6 және 7–8 сынып оқушылары арасында жеңіл атлетикадан аудандық спартакиада өтті.
Бір күндік танымдық-спорттық шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Мақсаты:
Жастар арасында командалық рухты қалыптастыру, көшбасшылық пен жауапкершілік қасиеттерін дамыту.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
5–6 сынып оқушылары
Командалық есепте:
1-орын М.Әуезов атындағы орта мектебі
2- орын Аққала орта мектебі
3-орын Бөдене орта мектебі
4- орын – С.Сейфуллин атындағы мектебі иеленді.
7–8 сынып оқушылары
Командалық есепте:
1-орын Жамбыл атындағы орта мектебі
2-орын Көктем қазақ орта мектебі
3-орын С.Сейфуллин атындағы орта мектебі
4- орын Бөдене орта мектебі иеленді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!





