Кітаппен сырласқан ерекше кеш

 
Аудандық кітапханада кітап әлемімен сырласқан әсерлі де мазмұнды кеш өтті. Кеш шымылдығы туған жерге деген құрметті арттыру мақсатында жергілікті ақын Әлия Дәулетбаеваның «Біз Дендерденбіз» атты жүрекке жылы өлеңімен ашылды.
Кеш барысында оқырмандарға сөз беріліп, әрқайсысы жүрегіне жақын, ерекше әсер қалдырған кітаптарымен бөлісті. Оқылған шығармалар жайлы ой-пікірлер ортаға салынып, рухани әсерге толы әңгімелер өрбіді.
 Сонымен қатар, жас ақын оқырмандар өз қаламынан туған жырларын оқып, кештің көркін аша түсті. Қонақтар да қалыс қалмай, түрлі әдеби ойындарға белсене қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
 Кітапхана қызметкері Қанат Мағзомның орындауындағы әсем ән кешке ерекше әр беріп, көрермен көңілін тебірентті. Қонағымыз Индер желілік өндірістік бөлімінің қызметкері Мейірбек Сайлауұлы күмбірлете күй ойнады.
 Кеш соңында белсенділік танытқан қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды:
🔹 «Көрермен көзайымы» – Медина Асхатқызы
🔹 «Ең креативті қатысушы» – Индер ЖӨБ ұжымы
🔹 «Кітап талқылаудың шебері» – Қуаныш Маратұлы
🔹 «Жыр мен әннің үйлесімі» – Нұрасыл Иса
🔹 «Кітапқа ғашық жүрек» – Көргенов Қуандық
🔹 «Сөз маржанының шебері» – Анель Бейімбетқызы
 Шара соңында қатысушылар кештен алған әсерлерімен бөлісіп, «библио-кафеде» еркін форматта сұхбаттасып, дәм татты.
 Осындай тағылымды кештер кітапқа деген сүйіспеншілікті арттырып, оқырман мен кітап арасындағы алтын көпірді нығайта түсетіні сөзсіз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT