Мемлекет басшысының арнайы жарлығы бойынша 15 наурыз еліміз бойынша жалпыхалықтық референдум өткізілетін болды. Осыған орай еліміздегі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өзара күш біріктіріп коалиця құрылғаны белгілі. Мұндағы мақсат халықтың талқысына ұсынылғалы отырған басты құжаттың ең алдымен ел мүддесі үшін қызмет етуге бағытталып отырған құжат екенін түсіндіру.
Республикалық «Amanat» партиясы Индер аудандық филиалы мен аудандық ардагерлер кеңесі бірлесіп басты құжатты талқылаған арнай ыжиын өткізді. Жиынның ашылуында аудандық филал хатшысы Ақжібек Сабырғалиева өз сөзінде жуырда еліміз бойынша еліміздің қоғамдық саяси күштері «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалицияға бірікті. Оның құрамына бес жетекші саяси партияның өкілдері мен миллиондаған азаматтың мүддесін білдіретін 300-ден астам қоғамдық ұйым енгенін атап өтіп аудан бойынша бұл бағыттағы жұмыстарды атап өтті.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағытжан Қонас, кеңес мүшелері Серікқали Жұқиев, Қуанғали Ғабсаламов, Сүйеу Халықов сөйлеп еліміздің қоғамдық дамуының негізгі тірегі болып саналатын конституцияға енгізілген өзгерістердің ел мүддесі үшін жұмыс істеуге бағытталған ұсыныстар екеніне тоқталды. Ал республикалық «Ауыл» партиясы Индер аудандық филиалының өкілдері Керімбай Сабырғалив, Игілік Қанатов өздері мүше болып табылатын партияның бұл бағыттағы атқарып жатырған жұмыстарына тоқталды.
Бас партияның аудандық филиалында өткен жиналысқа қатынасушылар 15 наурызда өтетін референдумда халық өз таңдаун жасайтынына сенім білдірді.
С.КӨШЕКОВ



