ЕЛІМІЗДЕ БАРЛЫҚ АЗАМАТТАРДЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ (МӘМС) ЖҮЙЕСІ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ. ОСЫ АРҚЫЛЫ АДАМДАР ЖОСПАРЛЫ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДЕН БАСТАП, АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ, ЕМХАНАЛЫҚ, СТАЦИОНАРЛЫҚ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ДЕЙІН ЕМДЕЛУ МҮМКІНДІГІНЕ ИЕ. АЛАЙДА ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ЖҮЙЕ НЕГІЗІНЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН АЗАМАТ ТАР МЕН БЕЛГІЛІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕҢІЛДІГІ БАР ТОПТАРҒА БАҒЫТТАЛЫП, ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙТІН НЕМЕСЕ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСЫ ЖОҚ АЗАМАТТАР МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ КІРМЕЙ, ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ТЕГІН АЛУДА БІРШАМА КЕДЕРГІЛЕРГЕ КЕЗІГЕТІН.
Соған сәйкес Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға енгізілген өзгерістерді ресми бекітіп, құжатқа қол қойған еді. Бүгінде халықтың 83%-ы сақтандырылған болса, шамамен 3,3 млн адам МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр. Биылғы жылдың қаңтар айы нан бастап жұмыссыз азаматтар да МӘМС жүйесімен қамтылады. Енді заңға енгізілген өзгерістердің нәтижесінде биыл шамамен 1 млн адам МӘМС жүйесін пайдалана алады. Яғни жаңадан енгізілген өзгерістер бойынша Қазақстанда жұмыссыз және тұрақты табысы жоқ азаматтар автоматты түрде МӘМС жүйесімен қамтылатын болды. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұл жөнінде «2023 жылғы 1 қаңтардан бас тап елімізде отбасының цифрлық картасы (ОЦК) іске қосылды. Оның басты мақсаты – отандастарды мемлекеттік қолдау жүйесіне түгел, теңдей тарту. ОЦК мәліметтері әлеуметтік қорғау шараларында әлеуетті мұқтаж адамдарды (отбасыларды) анықтауға мүмкіндік тудырды. Бүгінде МӘМС жүйесінен тыс тұрған 3 миллионнан астам отандастың ішінен мемлекеттік қолдау шараларына мұқтаж 1 миллионға жуық адам әлеуметтік әл-ауқаттың дағдарыстық, шұғыл деңгейлеріндегі адамдарға жатады. Жаңа заңда халықтың әлеу меттік осал топтарына мемлекеттен қолдау көрсету үшін МӘМС жарналарын төлеу жөніндегі іс-шаралар көзделген. Мысалы, кейбір санаттағы тұлғалар үшін МӘМС жарнасын жергілікті әкімдіктер төлейді. Бұл шешім өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдап, олардың медициналық қызметті тегін алуына жәрдемдеседі. Еңбекке қабілетті жастағы азаматтардың қалған тобындағы 2,3 млн адамға сақтандыру жүйесіне кіру айына 4250 теңге немесе жылына 51 мың теңге жарна түрінде қала береді» деген еді.
– Өзгерістерге келетін болсақ, биыл дан бастап жұмыссыз және тұрақты табысы жоқ азаматтар дағдарыстық (D) және төтенше (E) санатты әл-ауқаттағы азаматтар да МӘМС қызметін пайдалана алады. Бұл дегеніміз үш ай бойы жұмыс істемейтін және міндетті зейнетақы жарналары жоқ, отбасының негізгі қажеттіліктерін әрең жабатын табысы төмен адамдар. Әр азамат SaqtandyryBot telegram-боты арқылы, Damumed немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшаларында, кейбір банктердің мобильді қосымшаларында, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында msqory.kz өздерінің жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) арқылы «сақтандырылған» немесе «сақтандырылмаған» мәртебесін анықтай алады. Егер D және E санатына жатса автоматты түрде жергілікті бюджеттен жар насы төленіп, «сақтандырылады». Қазіргі таңда бірқатар тұрғындардың ұялы теле фонына сақтандырылғаны туралы хабарлама келіп, олар медициналық қызметті алып отыр. Сонымен қатар «жұмыссыз» мәртебесін ресми тіркеген азаматтар үшін де жоспарлы медициналық қызметтер тегін түрде қолжетімді болады. Ал өз-өзін жұмыспен қамтып отырған азаматтар, жеке кәсіпкерлер ай сайынғы МӘМС жарнасын төлеп отыруы қажет, – дейді аудандық емхананың ұйымдастыру статистикалық бөлімінің меңгерушісі Ұлжан Жексенғалиева.
Жүйедегі тағы бір жаңалықтың бірі МӘМС жарналарын үздіксіз 5 жыл төлеп, жарнаны уақытша төлеу мүмкіндігі болмай қалған тұлғаға 6 ай бойы тегін медициналық көмек көрсетіледі. Яғни «сақтандырылған» мәртебесі 6 айға ұзартылады. Бұған дейін бұл мерзім 3 ай көлемінде болған еді. Сонымен қатар 2026 жылғы қаңтардан бастап скринингтер МӘМС жоқ барлық азаматтар үшін қолжетімді. Медициналық көмектің бірыңғай пакеті шеңберінде онкологиялық ауруларды, артериялық гипертензияны, жүректің ишемиялық ауруын, глаукоманы және қант диабетін ертерек анықтауға арналған скрининг тер МӘМС мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға қолжетімді болады. Ата Заңымызда көрсетілгендей, еліміздің басты байлығы – адам және оның өмірі. Сондықтан әрбір адам өзінің, отбасының өміріне, денсаулығына жауапкершілікпен қарауы қажет. Ал МӘМС жүйесіне енген өзгерістер осыған дейін болған олқылықтың орнын толтырып, қарапайым азаматтар үшін де қолжетімді бола түспек.
Ж.НАРИМАНОВА



