"Қауіпсіз аула" жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

Ауданда "Қауіпсіз аула" жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – құқықтық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтардың, оның ішінде масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу.
ЖПІШ барысында полиция қызметкерлері келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді:
– әкімшілік учаскелерді аралау;
– азаматтармен құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
– ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тексеру;
– профилактикалық сипаттағы құқық бұзушылықтарды анықтау.
Қазақстан Республикасы ІІМ азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ құқық бұзушылық фактілері туралы полиция органдарына дереу хабарлауға шақырады.


Ғалымжан Жұмағалиев, 
Индер ауданы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Референдум 2026

Референдум 2026