Қайырымдылық шуағы: Индерлік отбасы баспаналы болды

Елімізде жақсылыққа зәру, қиындықта күн кешіп жатқан жандар қаншама?! Әсіресе баспанаға мұқтаж, пәтер жағалап жүрген отбасылар көп. Жиреншенің «Өз үйім – өлең төсегім» деуінде үлкен мән жатыр. 

 Қоғамның әлсіз топтарына көмектесіп жүргендердің бірі «Қарекет» қайырымдылық қоры. Бүгін қор есболдық мүмкіндігі шектеулі отбасыға аудан орталығынан 3 бөлмелі жарқыраған үйдің кілтін табыс етіп, қуаныш сыйлады.
 – «Қарекет» қорының бұл Индер ауданындағы 10-шы баспанасы. Ауданда Гүлсара есімді қордың белсенді мүшесі бар. Әркез қайырымды істердің басында жүреді. Сол кісі ауылдағы отбасының жағдайын айтып, орталықтағы әріптестерімізбен ақылдаса келе, үй алып беруге шешім қабылданды. Халықтың қолдауының арқасында бүгін осы отбасыға баспананы  сыйлап отырмыз. Үнемі жақсылыққа демеуші болған халқымызға рахметімді айтамын,-дейді "Қарекет" қорының Атырау облыстық филиалының төрағасы Мейрамбек Шакиров.


Жадыра Нариманова

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT