Кәсіп пен нәсіп

Тәуелсіздік алғалы ауданданымызда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Отыз жылда жеткен жетістіктеріміз де баршылық. Үкімет тарапынан халықтың экономикалық ахуалын жақсарту мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», «Бизнестің жол картасы» сияқты мемлекеттік бағдарламалар үлкен шапағатын тигізуде.

Аталмыш бағдарламалар жарық көргелі ауыл тұрғындарына кеңінен насихатталып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қатары артып келеді. Жұмыссыз азаматтарға, жас мамандарға, кәсіп ашамын деген жандардың бағдарламаларға қатысуына ықпал жасалуда. Бұдан өзге «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлік Палатасының аудандық филиалы арқылы 2017-2021 жылдарға арналған жоспарымызда 904 адамды оқыту жоспарланған болса, күні бүгінде барлығы оқуын аяқтап, сертификаттарын алды.

Ал, кәсіпкерлікті дамытуда өзіндік рөлі бар «Бастау-Бизнес» оқыту курсына аудан бойынша барлығы 120 адам оқып шықты. Өз кәсібін ашқандары да жетерлік. Сонымен қатар, 2021 жылы ауданға бөлінген қайтарымсыз 48 жоба қолдау тауып, 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз қаражат (28 млн 3 мын 200 теңге) берілді. Әрине, әлемдегі пандемияның шағын кәсіпкерлікті шатқаяқтатып тастағаны жасырын емес.

Десек те, бизнес өкілдері заман ағымына сай бейімделіп келеді. Біз бұдан «алма піс, аузыма түс» деп жата бермейтін жандардың артқанын байқаймыз. Әрі бұл қуантады да. Осылайша, еңбек етемін деушілерге кәсіптің көзі мен қолдау білдіру арқылы қоғамда бар «масылдық» қасіретін жоюға қозғау сала алатындаймыз. Президентіміздің берген тапсырмасы да осы емес пе?!

Дәурен САҒЫНҒАЛИЕВ,

«Атамекен» ҰКП аудандық филиалы директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521