ІЗДЕНІСТІҢ ЖЕМІСІ

ОБЛЫСТЫҚ «ДАРЫН» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚОЛҒА АЛУЫМЕН МЕК­ТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯ БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. АТАЛМЫШ БАЙҚАУҒА АУДАНДАҒЫ ІРГЕЛІ БІЛІМ БЕРУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БІРІ ШОҚАН УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ 8 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ҚҰРМЕТ АЛЬМИРАЖАН МҰРАТҚЫЗЫ ҚАТЫСЫП, БІРІНШІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ. 

«Гидроэнергетика жасыл экономиканың негізі» тақырыбымен қатысқан оқушы бұл бағытта тынбай ізденген. Шәкіртін осы­нау байқауға физика пәнінің мұғалімі Мырзағалиева Гүлфара Құттыбайқызы дайындаған екен.

– Оқушының жетістігі мектебіміздің ортақ қуанышы деп білемін. Ол – мектебіміздің білімді, ізденімпаз, қабілетті оқушысы. Бірнеше байқауға қатысып, жүлделі орындарды иемденіп келеді. Бұл жобада физика пәнінен өзінің идеясын ұсынып, зерттеп, ауылдық жерлерде су арқылы электр энергиясын өндіру, оны үнемдеу жолын көрсетті. Бұл жоба идеясы келешекте оны қолдануға мүмкіндік береді деп есептейміз.

Мектеп оқушыларының қазірден бастап зерттеу жұмысымен айна­лысып, ғылымның дамуына аз да болса үлестерін қосып жатқандығы қуантады. Оқушымызға қабілеті шыңдалып, білімді оқушылар қатарынан көріне берсін деп тілек білдіреміз, – дейді мектеп дирек­торы Айзада Жанкелдіқызы.

Оқушы облыстық байқауда 500 мың теңге ақшалай байрақты да қоса жеңіп алды.

С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT