ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕРДІ АНЫҚТАУ, МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ, ШЫҒАРМАШЫЛ, ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГТЕРДІ ҚОЛДАУ, ОЗЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ТАРАТУ МАҚСАТЫНДА АУДАНДЫҚ «ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ-2026» БАЙҚАУЫ ӨТТІ. ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ ӨТКЕН АУДАНДЫҚ БАЙҚАУҒА 14 ПЕДАГОГ ҚАТЫСЫП, 3 КЕЗЕҢ БОЙЫНША СЫНҒА ТҮСТІ.
А у д а н д ы қ б і л і м б ө л і м і н і ң әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлайым Жаңбырбаева қазылар алқасы мен тәуелсіз сарапшыларды таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«45 минуттық десанттық-сабақ» деп аталатын алғашқы кезеңде қатысушылар оқушыларға сабақ беріп, біліктіліктерін көрсетті. Мәселен, Арайлым Убишева «Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты», Айжан Кубиева «Т.Ахтанов «Күй аңызы», Ақбота Әдиетова «Дара және күрделі етістік», Назгүл Даулетова мен Әсима Сайлауова «Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» бақытты сәт/ сағыныш», Ақмоншақ Байшеркешова «Қағаз ақша», Светлана Утеуова «Письменное умножение и деление 104*4, 414:4», Айгерім Қалиева мен Ақбөбек Кенжебаева «Sighs in Kazakhtan and the UK”, Айсаулем Жауынбаева “Тұқым қуалайтын және жүре пайда болған белгілер. Модельдеу “Адам ағзасының тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерін зерттеу”, Бибігүл Махметова “М.Әлімбаев “Кемпірқосақ”, Эльмира Баширова “Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы”, Еркебұлан Ш а м ұ р а т о в “ Э н е р г и я н ы ң сақталуы және айналуы” және Гауһар Нариманова “Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік шекараларының нығаюы” тақырыптарынан сабақ өткізді.
Екінші кезеңде өздерін таныстырса, мұғалім нағыз шешуші әрі біліктілігі көрінетін кезең “Қысқа мерзімді жоспар құру”. Аталған кезеңде педагогтер берілген тақырып бойынша қысқа мерзімді жоспар құрып, 3 минутта түсіндіріп берді.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мен шешендігі сарапқа салынған байқау нәтижесінде үздіктер арнайы марапатқа ие болды. Атап айтсақ, С.Сейфуллин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әсима Сайлауова І орынды жеңіп алса, “Көктем” қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Гауһар Нариманова мен М.Сиранов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ақмоншақ Байшеркешова ІІ орын, Махамбет атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Айсаулем Жауынбаева ІІІ орынға ие болды.
Сонымен қатар Қ.Абаханов атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Эльвира Баширова “Жаңашыл ұстаз”, М.Әуезов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бибігүл Махметова “Шығармашыл ұстаз”, Жамбыл атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Арайлым Убишева “Цифрлы ұстаз” номинацияларымен марапатталды.
Жеңімпаздарға арнайы диплом мен естелік сыйлықтар табысталды.
Жадыра Нариманқызы

