Индер ауданы көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
5-10 мамыр аралығын қамтитын іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмысының алдын алу және профилактикасы, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, қоғамдық орындарда және көшелерде бұзақылықтың алдын алу, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу.
Индер ауданы полиция бөлімі

