Индерде сенбілік өтті

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Индер ауданында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық жұмысына ауданға қарасты  мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, елді мекеннің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. 

Сенбілік барысында кент көшелері қоқыстан тазартылып, арамшөптер жұлынып, шашылған тұрмыстық қалдықтар арнайы қаптарға жиналып, қоқыс жинайтын көлікке тиеліп, арнайы қоқыс алаңына 25 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды.

 

Гүлбану Насиполла,

суреттер автордікі

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT