«Әділет» партиясы Индер аудандық филиалының төрағасы Ақжібек Сабырғалиева саяси науқанға белсене атсалысқан өңірлік штаб сайлауалды науқанның жауапты кезеңінде ұйымшылдық пен ерекше белсенділік танытқаны үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ белсенділік танытқан бірқатар азаматтарға партия Төрағасы Айбек Дәдебайдың атынан Алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыс етті.

Марапат төрінен көрінгендер қатарында әріптесіміз, «Дендер» газетінің І санатты тілшісі Жадыра Нариманқызы да бар.
– Сізге Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау науқанына белсене атсалысып, ортақ іске қосқан елеулі үлесініз үшін алғыс білдіремін.
Жауапты кезеңде партиямыздың ұстанымын елге жеткізіп,табанды еңбек еттіңіз.
Сіздің белсенділігіңіз - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастамашы болған ауқымды реформаларға қолдау білдіріп, Әділетті Қазақстанды бірге құру жолындағы азаматтық жауапкершілік пен Отанға адал қызмет етудің жарқын көрінісі.
Ел мүддесін басты қағида еткен еңбегіңіз жалғасын тауып, жарқын жетістіктерге жете беруіңізге тілектеспін.
Сізге зор денсаулык, отбасыңызга амандык, әр ісіңізге толайым табыс тілеймін!, - делінген құттықтауда.
Марапатыңыз құтты болсын!
Гүлбану НАСИПОЛЛА



