ИНДЕРБОР КЕНТІНДЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Индербор кентінің санитарлық тазалығын сақтау, абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Осы жұмыстар аясында кент аумағына катальпа көшеттері отырғызылды. 

Атап айтқанда, Қонаев көшесінің бойына 42 түп, Барлаушы сөлтек ауданында 60 түп катальпа көшеттері егілді. Жасыл желек отырғызу – елді мекеннің көркін арттырып қана қоймай, тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастырудың маңызды бөлігі.

Жаңа көшеттердің жерсініп, жақсы өсуі үшін алдағы уақытта оларды күтіп-баптау, суару жұмыстары да тұрақты жүргізілетін болады. Көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, кент аумағындағы жасыл желек көлемін арттыруға басымдық берілмек. 

Индер ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT