"Жаныңдамын" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Индер ауданы әкімдігінің қолдауымен және аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатқан "Индер ауданы ардагерлерінің бос уақытын тиімді пайдалану" жобасы жалғасын табуда.
🔹 Аталған жобаның негізгі мақсаты – ардагерлердің белсенді өмір салтын ұстануына, қоғаммен тығыз байланыста болуына және бос уақытын мазмұнды өткізуіне жағдай жасау.
Соның аясында үстел үсті теннисінен қызықты әрі тартысты турнир ұйымдастырылып, оған ауданымыздың әр түкпірінен келген 13 ардагер қатысты. Қатысушылар спорттық дайындықтарын көрсетіп қана қоймай, бір-бірімен етене араласып, жылы жүздесіп қайтты.
🏆 Турнир нәтижесінде жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
🥇 І орын – Ниғматдинов Нариман – 30 000 теңге
🥈 ІІ орын – Досқалиев Бекберген – 20 000 теңге
🥉 ІІІ орын – Омар Талап – 15 000 теңге
🔖 Жүлделі орын иегерлеріне арнайы ақшалай сертификаттар табысталып, турнирге қатысушы барша ардагерлер алғыс хаттармен марапатталды.
Мұндай шаралар ардагерлердің қоғам өміріне белсенді араласуына, денсаулығын нығайтып, рухани сергіп қайтуына үлкен мүмкіндік береді.
🏓Ұйымдастырушыларға, қатысушыларға және жобаны қолдаған барлық азаматтарға алғыс білдіреміз!