Аудан әкімі көпбалалы аналармен арнайы кездесу өткізіп, оларға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік марапаттарын салтанатты түрде табыстады. Іс-шара ана мәртебесін көтеру, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету және олардың қоғам алдындағы еңбегін лайықты бағалау мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесуде әкім көпбалалы аналардың демографияны арттырудағы, ұрпақ тәрбиелеудегі ерекше рөлін атап өтіп, олардың еңбегі мемлекет тарапынан әрдайым жоғары бағаланатынын айтты. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік дамуына үлес қосып отырған аналарға алғысын білдіріп, отбастарына амандық, дендеріне саулық, шаңырақтарына бақ-береке тіледі.
Бұл кездесу – ауданымыздағы көпбалалы аналарға құрмет көрсетудің, олардың қоғамдағы ерекше орнын мойындаудың айқын көрінісі болды.
Дендер Ақпарат


