Газет тынысымен танысты

Сәрсенбіде Индер ауданына іссапармен келген Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Айгүл Әмірғалиева мен Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, облыстық мәслихат депутаты Саламат Ідірісов "Дендер" газеті редакциясында болып, газет тынысымен танысты.

Руханият ордасының басшысы Ж.Амантурлин редакцияның кешегісі мен бүгіні туралы ақпарат беріп, шығармашылық ұжымның негізгі мақсаты, сол жолдағы журналистердің еңбегін баян етті. Әсіресе келген қонақтар газеттің 1937 жылдан бергі сандарына қарап, таңданды. Сол ғұмыр сол қалпы тарих болып хаттаулы тұр.
-Бұл өте мазмұнды еңбек. Кешегісіз бүгін жоқ қой. Архив дегеніміз осы. Қилы кезеңде өмір сүрген адамдардың тағдыры тұр бұл баспада. Мұны бүгінгілер білуі керек,- деді А.Әмірғалиева.
Ал ректор С.Ідірісов міндетті түрде мұндағы мәліметтермен танысып, керек мәліметтерді алатынын айтып, газет ісіне сәттілік тіледі.

Дендер Ақпарат

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT