ЭНЕРГЕТИКТЕР ҚАЛЫС ҚАЛМАЙДЫ

Халықтық мүддені көздеген саяси реформаны жүзеге асырудың алғы шарты болып саналатын Конституция жобасын талқылауға арналған жиындар аудандағы мекемелерде өз деңгейінде өткізілуде. Ауданда құрылған арнайы штабтың кезекті жиыны «Атырау-Жарық»  мекемесіне қарасты Индер аудандық электр желісі мекемесінде өткізілді.

 Энергетиктермен өткізілген кездесуде Атырау облыстық мәслихаттың депутаты Жанай Амантурлин, аудандық мәслихат депутаттары Әлия Қарашина, аудандық Мәслихаттағы «Қазақстан халық партиясы» атынан сайланған депутаты Елдос Құлғалиев  сөйлеп қоғамдық мүдде жолында атқарылуға тиіс жұмыстардың негізгі бастауы осы басты құжаттан бастау алатынын атап өтті. Сондықтанда Конституция жобасы халық талқысына шығарылып отырғанын тілге тиек етті.

Барлығы 93 адам еңбек ететін аталған мекеме директоры Ерлан Мусағалиев  өз сөзінде аудан энергетиктері Ата заң жобасын алдымен баспасөз бетінен талқылап алдағы 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумға қатынасатынын атап өтті.

 

С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Референдум 2026

Референдум 2026