ДӘРІГЕ БӘРІНІҢ ҚОЛЫ ЖЕТПЕЙДІ

ЕЛІМІЗДЕ ХАЛЫҚ ЖИІ ТҰТЫНАТЫН ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БАҒАСЫ МЕМЛЕКЕТ БАҚЫЛАУЫНА АЛЫНДЫ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ТАРАПЫНАН ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН САҚТАУ ЖӘНЕ БАҒАНЫҢ НЕГІЗСІЗ ӨСУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУ ҮШІН БАҒА БЕЛГІЛЕУ ТЕТІГІНЕ АУҚЫМДЫ РЕФОРМА ЖҮРГІЗІЛГЕН. АТАП АЙТҚАНДА ДӘРІ ДӘРМЕКТЕРДІҢ 2900 ТҮРІНЕ КӨТЕРМЕ ЖӘНЕ БӨЛШЕК САУДАДА БЕЛГІЛЕНГЕН ШЕКТІ БАҒАЛАРДАН АСЫРМАЙ САТУ ЖӨНІНДЕГІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ 2025 ЖЫЛҒЫ 18 ШІЛДЕДЕГІ №470 БҰЙРЫҒЫМЕН ҚАБЫЛДАНЫП, ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ. АТАЛҒАН БҰЙРЫҚҚА САЙ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАЛАРДА БЕЛГІЛЕНГЕН ШЕКТІ БАҒАДАН АСЫР МАЙ САТЫЛУЫ ТИІС.

Ал аудандағы дәріханаларда белгіленген бағалар сақталып тұр ма? Бағаны қолдан өсіріп тұрған жоқ па? Осы орайда аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Жамбыл Дауталиевтің бастауымен құрамында кеңес мүшелері - аудандық аурухананың бас дәрігері Анар Доспаева, «Дендер» газетінің тілшісі Саламат Базарбаев және кеңес хатшысы Жарқынай Қамалғалиева дәріханаларда бағалардың сақталуын бақылау, сондай-ақ аудан халқының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу жағдайын зерделеп шықты. Нәтижесінде «Arzan Pharm», кәсіпкер А.Исалиеваның «Елнұр» дәріханасы және өзге де дәріхана нүктелерінде дәрі-дәрмектердің бөлшек сауда бағалары бекітілген шекті бағаларға сәйкес екендігі анықталды. Алайда 19-20 қаңтар күндері қоғамдық бақылау жүргізілетіні туралы алдын ала ескерту хаты берілгеніне қарамастан, кәсіпкер Арман Исалиевқа тиесілі Б.Майдыров көшесі, №1 мекенжайында орналасқан дәріхана жабық күйде болды.

Тұрғындардың айтуынша, аталған дәріханада тауар сатып алу барысында фискалдық чек берілмейді. Ал төлем қолма қол ақша немесе мобильді аударым арқылы қабылданады. Дәрілік заттардың бағасын бақылау бір реттік қоғамдық бақылаумен шектелмейді. Алдағы уақытта аудандық Қоғамдық кеңес тарапынан жыл көлемінде жоспарлы түрде қоғамдық мониторингтер жүргізу көзделіп отыр. Сонымен қатар дәрі-дәрмек бағасына қоғамдық бақылауды күшейтуде аудан тұрғындарының белсенділігі ерекше маңызды. Осыған байланысты әрбір азамат дәріханадан дәрілік зат сатып алғаннан кейін міндетті түрде фискалдық чек талап етіп, онда көрсетілген бағаны интернет желісі арқылы Dari.kz мобильді қосымшасына кіріп, бекітілген шекті бағалардан аспағанын тексеріп отыруы қажет, - дейді кеңес хат шысы Ж.Қамалғалиева.

 Баға талаптарының сақталмауы немесе өзге де заң бұзушылықтар анықталған жағдайда аудандық Қоғамдық кеңеске не месе тиісті мемлекеттік органдарға хабар ласу мүмкіндігі бар. Шын мәнісінде қымбат дәріге бәрінің қолы жете бермейді.

 

С.БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT