ӨТКЕН ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕ ҚАНДАЙ ҚИЫНДЫҚ БОЛҒАНЫ ЕЛГЕ МӘЛІМ. ҚОЛДАН ЖАСАЛҒАН АШАРШЫЛЫҚ ПЕН ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС САЛДАРЫНАН ЕЛІМІЗГЕ ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ ЖЕР АУДАРЫЛДЫ. ЖАТ ЖЕРДЕН КЕЛГЕН ЖҰРТТЫ ЖАТ СЫНБАЙ, ОЛАР ӨЗІНДІК ДАРХАН МІНЕЗІМЕН ҚАБЫЛДАҒАН ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА ДӘН РИЗА БОЛДЫ ДЕСЕК АРТЫҚ АЙТҚАНДЫҚ ЕМЕС. ҚИЫНДЫҚТЫ КӨЗБЕН КӨРГЕН ҮЛКЕНДЕРІМІЗ ӨМІРДЕН ӨТКЕНІМЕН ОЛАРДЫҢ ҰРПАҚТАРЫ АУДАНДА МЕКЕН ЕТЕДІ.
Солардың бірі Украина ұ л т ы н ы ң ө кі лі Е р м о л е н к о Наташа Васелиқызын да атап өтуге болады. «Қазақтелеком» АҚ Индер аудандық бөлімшесінде бас маман болып істейтін Наташа замандаспен аз-кем тілдескен болатынбыз. Менің ата-анам Василий мен Галина 1957 жылы көршілес Ақтөбе облысынан көшіп келген екен. Өзім 1967 жылы осы Индербор кентінде 7 ұл-қыздың бірі болып дүниеге келдім. Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепті бітірген соң көршілес Орал қаласындағы Батыс Қазақстан инновациялық технология университетін экономист мамандығы бойынша бітіріп шықтым. 1998 жылдан бастап 30 жылға жуық табан аудармастан осы мекемеде бас маман болып еңбек етемін. Қазақ тілін бала кезімнен білемін. Көбіне үй ішімізбен қазақша сөйлеп өстік, араласқан ортамыздың дені қазақ отбасылары болды, - дейді Наташа.
Тұрмыс құрып, өмірге Арман және Арайлым есімді перзенттері келіп, қызын ауданға белгілі Шүйінішқалиевтер отбасына келін қылып, ұзатып, жиен сүйіп отыр. Ал ұлы Арман Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов атындағы медициналық университетінде дәрігер мамандығы бойынша білім алып жатқан жайы бар. Адам өмірінде қызықты жағдайлар болып тұрады ғой. Сондай қызықты жайт Наташаның өмірінде де кездескен екен.
– 2023 жылдың көктемі болатын. Ертемен ауладағы шаруаны реттеу үшін сыртқа шықсам, аулада аққу қонған екен. Содан аққуды үйдегі тауық қораға кіргіздім. Тасада тұрады. Жем берсем, жемейді. Сосын әріптесім Қанатқа айтсам,: «Ол еркіндіктің құсы ғой, Жайыққа жүздіріп жіберейік» деп ақыл қосты. Аққу нәзік құс болғанымен қанатын қомдағанда ірі құс екен. Мәпелеп апарып өзенге қоя бергенде армансыз жүзіп ұша бергенін-ай. Әлі күнге дейін сол аққу түсіме кіреді. Кейін ойлап қарасам, аққу – махаббат, бейбітшілік пен достықтың символы ғой. Әрдайым еліміз аман аман, аспанымыз ашық болғай», – дейді кейіпкеріміз.
С.КӨШЕКОВ



