ӘДІЛ ЖАЗА СЕНІМ ҰЯЛАТАДЫ

«ХАЛЫҚТЫҢ ЖАЙЫН, САЛТЫН, РӘСІМІН, ТІЛІН БІЛМЕЙТІН СОТСОТ ЕМЕС» ДЕГЕН АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ. СОНДЫҚТАН ДА СУДЬЯЛАРҒА ЖҮКТЕЛЕР МІНДЕТ АСА ЖОҒАРЫ. БІРЕУДІ ОТБАСЫНАН АЙЫ РЫП СОТТАП ЖІБЕРУ ҮШІН ҚАНШАМА БІЛІМ КЕРЕК. ТАЯУДА АУДАНДЫҚ СОТ ТӨРАҒАСЫ РУСЛАН БАЙМАХАНБЕТОВ БРИФИНГ ӨТКІЗІП, 2025 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ. СОТ ТӨРАҒАСЫ АЛДЫМЕН СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ САПАСЫН АРТТЫРУДА, АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ӨТІНІШТЕРІНІҢ ЗАҢ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАРАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ, СОТТЫҢ АШЫҚТЫҒЫ МЕН ХАЛЫҚҚА ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН НАСИХАТТАУ, СОТТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫНЫҢ ШЫНАЙЫЛЫҒЫН ХАЛЫҚҚА ЖЕТКІЗУ МАҚСАТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛЫП КЕЛЕТІНІНЕ ТОҚТАЛДЫ.

Сотқа түскен істер мен арыздар уақытылы тіркеліп, автоматты түрде бөлініп отыр және қайтарылған істер мен талап қоюдың санын негізсіз қайтаруға жол берілмейді. Істер мен материалдардың соттылығы қағидаты үнемі сақталады. Сот актілері қабылданғаннан кейін сол күні толықтай немесе қарар бөлігі уақытында «Төрелік» АЖ-не салынады. Сот отырысының хатшылары мен сот актілері іске қатысушыларға уақытында жолданады. Істер мен материалдар апелляциялық сатыдағы сотқа уақытында жолданып отыр. Әзірге істердің кассациялық  сатыдағы сотқа жолданған істер жоқ. Аудандық сотпен қаралған қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша кейінге қалдыру себептеріне тараптардың біреуінің іске келмеуі, қосымша куәларды шақырту, қорғаушылардың өтініштері мен қосымша іс құжаттарын алдырту жатады, – деді сот төрағасы.

Аудандық сотта қаралған істердің 97 пайызы мемлекеттік тілде жүргізілген. Өткен жылы қылмыстық істер бойынша – 34 іс, медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шарасын қолдану жөнінде 1 іс және 2024 жылдан қалған 2 іс қаралған. Азаматтық іс бойынша 592 арыз түсіп, 568-і аяқталып қаралған, ал әкімшілік рәсімдік-процестік іске 1 іс түсіп, қайтарылған. Ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы 606 іс түсіп, 581-і аяқталған және сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер тіркелмеген. Бұдан бөлек, сот саласында заманауи технологияларды қолдану және сот ісін жүргізудің тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беру мақсатында cd/dvd арқылы дыбыс, бейне жазбалары жазылады екен. Брифинг соңында сот төрағасы Руслан Баймаханбетов алдағы уақытта да сот ісін жүргізуді әрі қарай жетілдіру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін           арттыру бағытында атқарылатын жұмыстарды және сот жүйесін ақпараттық сүйемелдеу аясында «дөңгелек үстел», семинар-сабақтар жиі өткізілетінін атап өтті.

 Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT