Индербордағы ауылшаруашылық колледжінде орналасқан ✓113 сайлау учаскесіндегі дауыс берушілердің саны сағат 11-ге таман арта түсті.
Учаскеде дауыс беру тиісті тәртіп бойынша, ашық әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Қызметкерлер мен бақылаушылар тұрғындардың еркін дауыс беруін қамтамасыз етуде.
Көпшілік саяси науқанға бейжай қарамай, өз азаматтық борышын орындауды. Әрі бір-бірімен көрісіп арқа-жарқа болып жатқанына да куә болудамыз.
Дауыс берушілердің көбеюі тұрғындардың елдің ертеңіне жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді және саяси науқанға деген қызығушылықтың жоғары екенін байқатары сөзсіз.
С. Сансызбайұлы

