Боран ерлігі ұмытылмайды, ұлықталады!

Бүгін даңқты жерлесіміз Кеңес Одағының батыры Боран Нысанбаевтың ерлік жасаған күні. 
Өшпес ерліктің өнегесі болған  қасиетті  күнге орай батырдың туған жерінде жарыс ұйымдастыру дәстүрге енген. Биыл да Индерде волейболдан дәстүрлі жарыс жалғасын тапты. 
Жарыстың  ашылу салтанатында Индер ауданы әкімінің орынбасары Айболат Сансызбаев пен ардагерлер алқасының төрағасы Бақытжан Құнас және волейболдан Қазақстан супер кубогының жеңімпазы, жерлесіміз Парасат Шарипов сайыскерлерге сәттілік тіледі.
Батыр жүлдесін  Көктоғай, Өрлік, Бөдене, Елтай ауылдарымен қатар М.Сиранов атындағы орта мектеп және  Индер ауылшаруашылық колледжі командалары  сарапқа салуда.
С.Сансызбайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Референдум 2026

Референдум 2026