Еліміздегі жетекші саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар топтасқан «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалицияға бірікті. Аталмыш коалиция мүшелері аудандағы өнідіріс орындары мекемелерде болып Ата Заң жобасын насихаттауда.
Аудандағы штаб мүшелері, аудандық және облыстық мәслихат депутаты Жанай Амантурлин және республикалық «AMANAT» партиясы Индер аудандық филиалына қарасты Индер бастауыш партия ұйымының төрағасы Бақберген Сахипов аудан халқын сумен қамтамасыз етіп отырған «Индерсу» мекемесінде болып жұмысшылармен кездесті.
Кездесуді ашқан Атырау облыстық мәслихаттың депутаты Жанай Амантурлин өз сөзінде:- «Біз, біртұтас қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта (құра) отырып, Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтай, мемлекеттің унитарлы сипатын, оның шекарасы мен аумағының тұтастығына қол сұғуға болмайтынын нақтылап, Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстанып... деп келіп,
Қазақстан Республикасының Ата Заңын – осы Конституцияны қабылдаймыз, деп басталады...
Тағы бір маңызды мағыналық бағыт-цифрландыру. Осыған байланысты Конститутцияның жаңа мәтініндде алғаш рет азаматардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норма бекітілді. Яғни 21 баптың 2 тармағында «Банк операцияларының, жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта хабарламаларының және байланыс құралдарының оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы берілетін өзге де хабарламалардың құпиясы заңмен қорғалады деп» бекітлген. Депутат өз сөзнде жаңа жобадағы өзгеде өзгерістерге тоқталып өтті.
Индер бастауыш партия ұйымының төрағасы Бақберген Сахипов өз сөзінде өткен жылдың 8 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің бірлескен отырысында Қазақстан Халқына арнаған өз Жолдауында «Күшті Президент. Ықпалды Парламент. Есеп беретін Үкімет. Тұжырымдамасы аясында «Бір палаталы парламентке көшу бастамасын ұсынғанын осы бастама аясында көптеген саяси өзгерістер орын алғалы отырғанын тілге тиек етті.Оның ішінде ең маңыздысы ел конститутциясын уақыт талабына сай жаңарту бастамасы негізінде жазылған жобасында елеулі өзгерістер бар. Сөз жоқ бұл өзгерістер Мемлекеттің болашақ даму жоспарын айқындайды. Сондықтанда алдағы 15 наурызда біркісідей референдумға қатысып өз үнімізді қосқан жөн деп ой қорытты.
Аталмыш мекемеде 118 жұмысшы еңбек етсе, күніге 2400 текше метір су беріледі. Аудан бойынша 245 заңды тұлға, 4300 жеке тұлға су тұтынады екен.


С.КӨШЕКОВ

