Бүгін коалиция мүшесі А.М.Рамазановпен Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп педагогикалық ұжымымен кездесу өткізіп, Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарымен таныстырдық.
Жиында Негізгі заңның жаңартылған мазмұны елдің тұрақты дамуына, құқықтық мәдениетті нығайтуға және заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталғаны айтылды. Ұстаздар қауымы өз пікірлерін білдірді.
Кездесу өзара сенім мен ынтымақтастық рухында өтіп, ортақ мақсатқа жұмылудың маңызын айқындады.



