БІЛІКТІ БАСШЫ БОЛАТЫН...

МЕН ҚАЙЫРЖАН АҒАМЕН БІРНЕШЕ ЖЫЛ БОЙЫ БІРГЕ ЖҰМЫСТАС БОЛЫП, АҚЫЛ-КЕҢЕСІН БАСШЫЛЫҚҚА АЛҒАН ІНІСІМІН. ҚАЙРЕКЕҢ МАМАНДАРҒА МІНДЕТІН ҰҒЫНДЫРЫП, ӨЗІН ӘР ОРТАДА ҚАЛАЙ ҰСТАУ КЕРЕКТІГІН ҮЙРЕТІП ОТЫРАТЫН, ЕШКІМДІ АЛАЛАМАЙТЫН СЕНІМДІ БАСШЫ ЕДІ.

Қайрекең өте сауатты , тәжірибелі азамат болды. Қазақ және орыс тілдерінде бірдей еркін сөйлеп, сауатты жаза­тын. Ол кезде қаулы-қарар, бұйрықтардың бәрі орыс тілінде әзірленетін. Ол кісі тіпті «білігім жоғары» деген мамандардың өзі дайындаған құжаттарындағы әр сөйлемнің орнын көрсетіп, қателіктерін түзетіп беретін . Қай сала болсын төселіп , ақылын айтып отыратын. Осы бір ерекше қасиетін білетін ау­дан мен ауыл шаруашылығының басшылары Қайрекеңді түйткілді де қиын мәселелерді шешуге жұмсайтын.

Қайрекең іссапарға шыққанда, мәселенің мән-жайына байла­ нысты жас мамандарды жанына ертіп жүретін. Түйінді қалай шешу керектігін түсіндіріп, іс жүзінде үйрететін. Қайрекең қарап, тексермейінше, ешбір құжат машинкаға басылуға  берілмейтін еді.

Осы орайда бір эпизод еске түседі. Бірде пішен дайындау науқаны ақсап, жоспар орындал­май жатқан соң аудандық партия комитеті Қайрекеңді Гоголев­ский учаскесіндегі бригадаларға жұмсады. Жүргізушісі Сәкенге машинасын мұқият әзірлеуді тапсырып, қасына марқұм Ха­мидуллин Кеңес пен мені ертіп жолға шықты . Жолшыбай 8-ауылдың қасындағы «Қызыл үй» деп аталатын мектептің ор­нына тоқтадық. Сонда Қайрекең өзі оқыған кездерін есіне алып, тебіреніп тұрды.

« Гоголевскийге » жеткенімізде, бригадирлер пішен шабу жоспарының орындалмауына түрлі сылта­улар айтып ақталғысы келді. Қайрекең оларды мұқият тыңдап алып, мынадай бітік шыққан шөпте жоспарды қалай орын­дау керектігін дәлелді түрде түсіндіріп бергенде, тәжірибелі бригадирлер «ләм-мим» деп сөз қайтара алмады. Қайрекең сөйлегенде, дәлеліне ешкім қарсы шыға алмайтын. Сөйтіп, сол декаданың жоспарын 2 есе асыра орындатып, ауылға оралдық. Аудандық партия комитетінің І хатшысына барып, іссапардың барысын түсіндіріп шықты. Қайрекеңнің мәселені шешудегі мұндай алғырлығына әріптестерінің бәрі сүйсінетін. (Бұл жерде жоспарды нақты қалай орындатқанын толық жа­зып отырған жоқпы н).

Ол кісі мамандарға дұрыс мінездеме беріп, үнемі көтермелеп отыратын. Қайрекеңнің өзі іріктеп қойған мамандары кейін шаруашылықты шебер басқарып кетті . Бәрімізде киім киюді, сөйлеуді, қажет жерде өз позициямызды ұстап тұруды сол кісіден үйрендік. Құдайға шүкір, ұстазымыздың, ағамыздың арына кір келтірген жоқпыз деп ойлаймын.

Қайрекеңмен жұмыстас болған замандастардың көбі қазір бұл өмірде жоқ. Алайда бәріміз де ардақты ағамызды ешқашан ұмытпаймыз . О л кісі кезекті іссапар кезінде, жол үстінде кенеттен қайтыс болды...

Есмұрат БАТЫРҰЛЫ,

Қайрекеңнің жұмыстас інісі

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT