ЕЛДЕГІ ТАТУЛЫҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ АРҚАСЫНДА БАҚУАТТЫ ӨМІР СҮРІП КЕЛЕ ЖАТҚАН ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕРТЕҢІНЕ СЕНІММЕН ҚАРАЙДЫ. ӘСІРЕСЕ ЖАСТАР ЖАҒЫ БІЛІМ АЛУЛАРЫНА, БОЛАШАҒЫНА ҚАЖЕТТІ МАМАНДЫҚТЫ ИГЕРУЛЕРІНЕ ТОЛЫҚҚАНДЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАП, ҚОЛДАУ КӨРІП ЖҮРГЕНДЕРІ ҮШІН ҮНЕМІ АЛҒЫС АЙТУМЕН КЕЛЕДІ.
Солардың бірі – Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алып жатқан орыс ұлтының өкілі, студент Кирилл Крылов. Жақында біз аталмыш оқу орнында өткен кезекті бір шарада студентпен жолығып қалған едік.
– Мен 2010 жылы осы Индербор кентінде жұмысшы отбасында дүниеге келдім. Қазақтың арасында өстім. Көршілеріміз қандайма болмасын қуаныштардан қалдырмай, отбасымызбен түрлі шараларда бас қосып отырамыз. 2016 жылы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепке қабылданып, орта білім алған соң мамандық меңгеру мақсатында өткен жылы осы колледжге қабылдандым. Мек теп қабырғасында шәкірттік шағым өтсе, колледжде студенттік дәуренді кешіп жатырмын. Мұнда барлық жағдай жасалған. Жаңа достар тауып, үлкен өмірге дайындық қамындамын. Жас болсақ та көзіміз ашық. Әлемдегі кикілжіңдерді теледидардан көріп, газеттен оқып отырамыз. Сондықтан бейбітшілік сүйгіш ортақ Отанымыз – Қазақстанның аспаны ашық, дұшпаны қашық болғанына шүкір етемін. Бейбіт күн үшін рахмет. Осындай татулықты ту еткен елде өсіп-өнгенімді зор мақтаныш тұтамын. Маған жарқын өмір сыйлаған ата-анама, білім мен тәрбие берген ұстаздарыма, тай-құлындай тебісіп бірге келе жатқан достарыма айтар алғысым шексіз, – дейді Кирилл өз сөзінде.
С.КӨШЕКОВ



