Бөдене ауылдық округінде Алғыс айту күніне орай "Ертегі- ертеңім үшін" - " Алғыс- жүректен" тақырыпта тағылымы терең, тәрбиелік мәні зор рухани кеш өтті. Шара Әжелер кеңесі, Аналар кеңесі және Ұстаз ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ауылымыздың “Нұрлы” тойханасында жоғары деңгейде өткізілді.
Кештің басты мақсаты – ертегінің бала тәрбиесіндегі маңызын насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, рухани құндылықтарды дәріптеу. Ертегі – баланың қиялын дамытып қана қоймай, оның жан дүниесін байытып, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, ізгілікке баулитын үлкен мектеп екені кеш барысында айқын көрініс тапты.
Шараға ауылдың ақ жаулықты әжелері, аналары мен келіндері белсене қатысып, рухани кештің мәнін арттыра түсті. Сонымен қатар ауданнан Ардагерлер кеңесінің төрағасы Құнас Бағытжан Ниетқалиұлы, аудандық Әжелер кеңесінің төрайымы Қарекешова Бақыт Рақымжанқызы және ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрған Мақсот Сағынұлы арнайы қатысып, ізгі тілектерін білдірді.
Кеш өтетін орын тақырыпқа сай безендіріліп, ертегі кітаптарынан көрме ұйымдастырылды. Ертегілер мазмұнына сай көрнекіліктер қойылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Сайысқа төрт топ қатысып, өз өнерлерін ортаға салды:
Сайыс қорытындысында барлық топтар “Қиял қанаты”, “Сахна шебері”, “Ең үздік ертегіші”, “Ең тәрбиелік мәні бар ертегі” номинацияларымен марапатталып, сыйлықтар табысталды.
Кештің екінші бөлімінде “Алғыс – жүректен” тақырыбында ұрпақтар сабақтастығы насихатталып, әжелер, аналар, келіндер арасындағы сыйластық пен ізет дәріптелді. Халқымыздың алғыс пен ақ тілекке ерекше мән берген өнегесі кеңінен айтылып, жүрекжарды лебіздер мен ақ баталар берілді.
Осындай игі бастамалар ауыл бірлігін нығайтып, ұрпақ тәрбиесіне ортақ жауапкершілікті арттыра берсін!



