Бүгін ел өміріндегі маңызды саяси оқиға – Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша республикалық референдум аясында Бөдене ауылының тұрғындары белсенділік танытуда.
Солардың бірі – 87 жастағы ауыл тұрғыны Буралиева Жанымсия апа. Қария референдум учаскесіне ерте келіп, алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады.
Жанымсия апа – ауылдың сыйлы ақсақалдарының бірі, өмір бойы адал еңбек етіп, елдің дамуына үлес қосқан жан. Ол әр азамат үшін ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерге қатысу – үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.
– Еліміздің болашағы үшін әр азаматтың дауысы маңызды. Сондықтан осындай маңызды сәтте шет қалмай, өз таңдауымды жасауға келдім, – дейді қария.
Ауыл тұрғындары да референдумға белсенді қатысып, өздерінің азаматтық позицияларын білдіруде. Учаскеде дауыс беру процесі заң талаптарына сай, қалыпты жағдайда өтіп жатыр.
#МенДауысБердім, #ЕлімҮшінТаңдау, #РеферендумғаБардым

Д.Қаби
Бөдене ауылы

