Барлық жағдай жасалған

Индер ауданында мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында №112, №113, №114 сайлау учаскелерінде мониторинг жүргізілді.

Мониторинг нәтижесінде аталған учаскелерде пандус, шақыру батырмасы, тактильдік көрсеткіш, жеткілікті жарықтандыру, кең есіктер, бейімделген дауыс беру кабиналары, кірме жолдар және арнайы автотұрақ орындары қарастырылғаны анықталды.
Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету үшін арнайы бұрыштар ұйымдастырылып, аудиоматериалдар жүктелген компьютер, құлаққап, үлкейткіш, үстел шамы және Брайль қарпіндегі трафареттер орналастырылған.
Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.


Индер аудандық ауқмақтық сайлау комиссиясы

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT