Баламайсаңның күйлері табылды

Қазақтың ұлттық энциклопедиясында Дәулескер күйші Баламайсаң Дауылұлының күйлерін кезінде Қали Жантілеуов Алматыға алып барған деген мәлімет қана бар еді біздің жадымызда. 

Өткенде күй зерттеуші, профессор Карима Сахарбаева Алматыдан Атырауға келген сапарында Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовқа арнайы жолығып, Баламайсаңның он шақты күйін тапқанын айтқан. Ол хабар сол жерден бізге де жетіп, бөрігімізді аспанға аттық. Карима апамыз "Дүниеғапыл" атты күйшіге арналған кітабымды сұраған соң сөредегі жалғыз жинағымды беріп жібердім. Енді ол күйлер нотаға түсетініне сенімдіміз.

Осылайша жолаушының іздеген жоғы табылып, бұйырса Баламайсаң күйлері халқымен қайта қауышпақ.

Жалпы Баламайсаң атындағы аудандық күй байқауын алдымен Елтайда, облыстық деңгейде Мақат ауданының Доссор кентінде өткізгенбіз.

Жан Аман

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT