БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

ИНДЕР АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ АРНАЙЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ЖӘНЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАР ҮШІН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӨЛІК ОБЪЕКТІЛЕРІНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЕЛЕУЛІ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАДЫ.

 Тексеру көрсеткендей, мемлекеттік қолдау көбінесе ресми түрде жүзеге асырылған. Қадағалау органының назары күндізгі бөлімше жұмыс істейтін жартылай стационарлық үлгідегі ұйым болды.

– Белгілі болғандай, әлеуметтік Кодекстің талаптары елеусіз қалды. Визуалды қарау барысында парадоксалды жағдай тіркелді: балаларды қолдауға арналған бейінді    ұйымда бірде-бір қамқоршы болған жоқ. Жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетілмеген. Жауапты адамдар жұмыстағы "үзілісті" ғимараттың жоқтығымен түсіндірді. Шенеуніктер қағаздармен айналысып, орынды анықтаған кезде балалар қажетті оңалту мен күтімсіз қалды. Сонымен қатар Индербор кентінің инфрақұрылымын тексеру нәтижелері            одан да сорақы болды. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жекелеген объектілердің қолжетімсіздігі де анықталып отыр. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар жойылды, жіберілген заң бұзушылықтар үшін Индербор кентінің әкімі мен ұйым басшысы  әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Осылайша 19 мүмкіндігі шектеулі баланың құқықтары қорғалды, – деді аудан прокуроры Нариман Ешманов.

С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Референдум 2026

Референдум 2026