АУДАНДА ӨНДІРІС ӨНІМІ АРТТЫ

Жақында аудандық Қоғамдық кеңес отырысы өтіп, онда аудан әкімі Өтеғұлов Салауат Өтеғұлұлы «Индер ауданының 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттері туралы» баяндама жасады.

Күні бүгінге аудандағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 4 млрд. 091 млн. теңгені құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 430 млн. теңгеге артты. Нақты көлем индексі 107,2 пайыз. Қазіргі таңда аудан көлемінде өңдеу өнеркәсібімен айналысатын «ПромСтройСервис», «ИндерГипс», «ИсиГ и п с И н д е р » , « I n d e r T u z C o m p a n y » жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері осы бағытта жұмыс жасайды.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 11 млрд. 255 млн. теңгені құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 138,4 пайызды құраған. А у д а н ы м ы з д а 2 0 2 1 - 2 0 2 5 ж ы л д а р аралығында 18 млрд 980 млн. теңге болатын 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланып, іске асқан жағдайда 683 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Өткен жылы 2 жоба – құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауыты және «Нефтэк» компаниясының жанармай құю бекеті ашылып, 50 тұрғын еңбекке араласып отыр. Қазіргі таңда қысқа мерзімді жобалар қатарында 1 млрд. 750 млн. теңге болатын ас тұзын өндіру зауытын салу және «Нэфтек» бекетінің кэмпинг құрылысын аяқтау тұр. Ауыл шаруашылығы да алға жылжып, өнім көлемі 11 млрд. 512 млн. т е ң г е г е ж е т і п , е с е п т і к е з е ң м е н салыстырғанда 104,1 пайызға артқан.

Ауданда күні бүгінде 1 688 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызмет етсе, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4 пайызға төмен түсіп кеткен. Оның себебіне келсек 90 жеке кәсіпкер қазіргі заңдылыққа сәйкес медициналық сақтандыру қорының төлемін төлемеу үшін есептен шығыпты. Ал құрылыс жұмыстарының көлемі 8 млрд 111 млн. теңгені құрағанмен 44,7 пайызға төмендеген. Оның себебі 2020 жылы ауданымызда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, «Жұмыспен қамту бағдарламасы», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында барлығы 8,2 млрд теңгені құрайтын 13 жоба жүзеге асырылған. Одан бөлек, «ҚазТрансОйл» компаниясы арқылы 7 млрд-тан астам теңгеге мұнай құбыры желілеріне қайта жаңарту жүргізген. Соның салдарынан көлемі 55,3 пайызға немесе 9 млрд. 459 млн. теңгеге төмендеген.

Өткен жылдың жағымды жаңалығы Индербор кентінің «Көктем» шағын ауданынан 80 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, кезекте тұрған 1763 тұрғынның ішінен 80 отбасы қоныс тойын тойлады. Қазіргі таңда 48 пәтерлік 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқтала келіп, алдағы күндері көп балалы, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен осал топтағы 192 отбасыға табысталады. Тұрғындарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер телімдері бойынша Көктоғай ауылынан 70 жер телімі, Есболдан – 270, Елтайдан – 80, Аққаладан – 50, барлығы 500-ге жуық жер телімін табыстау үшін инженерлік-коммуникация құрылысы жүргізілуде.

Тазалық мәселесі де жіті назарда. Осы орайда Облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы тұрмыстық қатты қалдықтарды іріктеп жинау үшін Индербор кентіне және Есбол ауылына қуаты әрқайсысы 10 мың текше метр болатын қондырғы сатып алу жоспарланыпты. Бұдан басқа да жұмыспен қамту, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу, білім мен мәдениет спорт салалары бойынша да қадау-қадау істер бар. Айта кетейік Есбол ауылынан 320 орындық мектептің құрылысы жалғасып, 2022 жылы аяқтау жоспарда тұрса, 4 спорттық нысан пайдалануға берілді. Одан бөлек, 160 орындық Көктоғай ауылында спорт кешенінің құрылысы басталса, Жарсуаттағы спорт кешені жақын күндері халық игілігіне табысталмақшы.

Аудан басшысы баяндама соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын басшылыққа ала отырып, тұрғындардың күнделікті мәселелері мен ұсыныстары назардан тыс қалмайтынын айтты. Кеңес отырысын оның төрағасы Асқар Үмітқалиев жүргізіп, «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, әкім есебін мақұлдау жөнінде қарар қабылданды. С о н д а й - а қ к е ң е с т ө р а ғ а с ы 2 0 1 9 жылдың наурыз айында қалыптасқан құрамның өкілеттік мерзімі аяқталғанын мәлімдеп, кеңес жұмысына белсене араласқан әріптестеріне сәттілік тіледі.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521