Бүгін аудан орталығында орналасқан «Жастар ресурстық орталығында » Индер ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қызмет алушылар күні» өткізілді.
Аталған шараға Индер ауданы әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің өкілдері қатысып, тұрғындарға кеңес берді.
Ашық есік күні аясында аудан тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша жүгініп, тиісті мамандардан кеңес алып, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі жөнінде түсіндірмелер алды.
Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, қажетті ақпараттармен қамтылды.
Мұндай кездесулер тұрғындармен кері байланысты нығайтып, мемлекеттік органдардың жұмысына деген сенімді арттыруға және маңызды мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.


Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

