КӨРШІЛЕС МАХАМБЕТ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ОБЛЫС АРДАГЕРЛЕРІНІҢ АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖӘНЕ ҚЫРҒЫЗСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ ІЛИЯ ЖАҚАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 90 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ «ӘН ӘЛЕМІНІҢ АБЫЗЫ» АТАУЫМЕН ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
Аталмыш фестивальге ауданымыздан «Атамұра» ағалар ансамблі де қатысып, өнер көрсетіп келді. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Еркін Әубәкіров фестивальге тыңғылықты дайындалғандарын айтты.
– Сазгердің қай-қай шығармасын алсаңыз да тұнып тұрған лирика ғой. Ерекше бір әсерге бөленесің. Ансамбль мүшелерімен ақылдаса келе біздер композитордың «Жайлаукөл кештері» мен халық әні «Ахау керімді» орындап шықтық. Халық ерекше ілтипатпен қабылдады.
Арнайы дипломмен марапатталдық, – дейді Еркін Әубәкіров.
Айта кетейік, ансамбльді жас өнерпаз Айдар Әділов баянда сүйемелдеді.

С.ЕРСАЙЫНҰЛЫ



