АТА ЗАҢ ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ  

Еліміздегі қабылданған заңдардың атас болып саналатын Конституция жобасы халық арасында кеңінен талқылану үстінде. Еліміздегі жетекші саяси партиялар мен қоғамдықұйымдар топтасқан коалиция мүшелері ауданда орналасқан мекемелерде болып 15 наурызда халық талқысына ұсынылатын басты құжаттың мазмұнын түсіндіруде

Аудандағы штаб мүшелері, аудандық және облыстық мәслихат депутаттары Жанай Амантурлин және Ақжібек Сабырғалиева жерасты қазба байлығын игеруге үлес қосып отырған «ИсиГипсИндер» ЖШС болып жұмысшылармен кездесті.

Кездесуді ашқан республикалық «AMANAT» партиясы Индер аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақжібек Сабырғалиева ел өміріндегі елеулі саяси өзгерістердің маңзыдылығын атап өтті.

Атырау облыстық мәслихаттың депутаты Жанай Амантурлин өз сөзінде:- «Біз, біртұтас қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта (құра) отырып, Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтай, мемлекеттің унитарлы сипатын, оның шекарасы мен аумағының тұтастығына қол сұғуға болмайтынын нақтылап,

Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тіртіп қағидатын ұстанып... деп келіп,

Қазақстан Республикасының Ата Заңын – осы Конституцияны қабылдаймыз, деп басталады...

Өзгеріс осы алғы сөзден басталып тұр. Осыған дейін қалыптасушы мемлекет болдық. Мына ұланғайыр даланы анталаған жаудан аман-сақтап алып шығу оңай емес. Сондықтан сақтана отырып, тәй-тәй басып келеміз.

Атап айтқанда 1-бап ҚР – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Осы жерде «ретінде орнықтырады» деген бұрынғы Заңдағы сөз жоқ. Неге? Өйткені ол кезде біз қалыптасушы мемлекетпіз. Осы жерде тағы бір айта кететін нәрсе осыған дейін «Тәуелсіз Қазақтан» деп келдік. Өйткені егемен ел екенімізді әлемге жария ету үшін. Құдайға тәубә, Тәуелсіздігімізді орнаттық, әлемге тәуелсіз ел екенімізді паш еттік. Енді «Тәуелсіз» деген сөзді біртіндеп қолданыстан алып тастаймыз,-деп ой түйіндеді.

Серіктестік басшысы Жолдас Үмбетияров өз сөзіндеөндіріс орынында 100 адам еңбек ететінінң еңбеккерлердің күшімен құрылыс саласына қажетті гисокарто өнімдерінің 5 түріжәне құрғақ қоспалар шығатынын атап өті. Сондай-ақ 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумға біркісідей қатынасуға жұмыстанып отырғанына тоқталды.

Мұнан соң топ мүшелер аудандық білім бөліміне қарасты балалар өнер мектебінің ұжыммымен кездесіп азаматтар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар қайтарды.

 

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT