АРДАГЕРЛЕРДІ АМАЛ – КӨРІСУ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

14 наурыз – Көрісу күніне орай аудан әкімі Серік Нсанбаев ауданымыздың әр саласында ұзақ жыл еңбек етіп, елдің дамуына үлес қосқан бір топ ардагермен кездесіп, мерекемен құттықтады.
– Көрісу күні – ағайын мен туысты жақындастырып, адамдар арасындағы сыйластық пен татулықты арттыратын, береке мен бірлікті дәріптейтін ерекше дәстүрлі мереке. Бұл күн әсіресе Батыс өңірінде кеңінен тойланып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетілетін тағылымы мол күн.
Барша аудан тұрғындарын Амал – Көрісу мерекесімен шын жүректен құттықтаймын, – деді аудан әкімі Серік Бағитжанұлы.
Кездесу барысында аудан ақсақалдары мен ардагерлері ел бірлігі мен татулығының маңызын айтып, жастарға ақ баталарын берді.
Шара барысында аудан өнерпаздары ән шырқап, жиналған көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.
 
Аудан әкімінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT